Автор: ADMIN
Қазақстанда “алтын виза” енгізілді: Енді шетелдік инвесторлар 10 жыл елде тұра алады

Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Енді кемінде 300 мың АҚШ долларын құятын шетел азаматтары елімізде 10 жылға дейін тұруға мүмкіндік беретін инвесторлық “алтын визаны” ресімдей алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Виза алу үшін инвестицияны Қазақстан компанияларының жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға салу қажет. Өтінішті онлайн форматта беруге болады.
СІМ мәліметінше, бұл бастама әлемдік тәжірибеге негізделген. Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ және Сингапур секілді мемлекеттерде “алтын виза” бағдарламалары бұрыннан қолданыста және іскерлік белсенділікті арттыруда тиімділігін дәлелдеген.
“Қазақстан да осы халықаралық тәжірибеге қосылып, өзінің инвестициялық резиденттік моделін ұсынады. Бұл қадам еліміздегі инвестициялық ахуалдың болжамды әрі тұрақты болуына ықпал етіп, шетелдік кәсіпкерлер үшін заңдық кепілдіктер береді”, – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Жаңа ереже ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер




Басты жаңалықтар

Atırauda 23 jastağı fel'dşer qaqtığıs kezinde qaza taptı

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты

قىزىلوردادا جاڭا فورماتتاعى زاماناۋي مەكتەپ ەسىگىن اشتى
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет