Автор: ADMIN
Қазақстанда мұғалім мәртебесі артып келеді: 5 жылда жалақы екі есеге өсті

Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекет тек мектеп санын көбейтіп қана қоймай, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды реформалар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
2024-2025 оқу жылында елімізде 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді. Онда 3,9 миллионнан астам оқушы білім алуда, оның 352 мыңы – алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер.
Биыл мектептерде 406 мыңнан астам мұғалім еңбек етуде — бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға көп. 2020 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Педагог мәртебесі» саясаты аясында мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты. Бұған қоса, педагогтердің еңбек өтілі, біліктілік санаты мен тәлімгерлігі үшін қосымша үстемеақылар төленіп келеді. Ауыл мұғалімдері қалалық әріптестерінен кемінде 25%-ға артық жалақы алады.
2025 жылы 11 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтсе, олардың жартысынан көбі ауылдық мектептерде еңбек ететін ұстаздар. Жаңа жылдан бастап педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін «Ұстаз» ұлттық платформасы іске қосылып, 150 мың мұғалімді аттестаттаудан өткізу жоспарланған.
Білім берудегі басты басымдықтардың бірі — цифрландыру. Бүгінде 1757 мектепте STARLINK спутниктік интернеті орнатылған. Барлық оқулықтар цифрлық форматқа көшіріліп, 11 онлайн платформада қолжетімді.
Сонымен қатар, еліміз ББЖМ (Білім беру жүйесінің мониторингі) атты ұлттық бағалау жүйесі арқылы халықаралық стандарттарға сай білім сапасын тексеріп отырған жалғыз Орта Азия мемлекеті саналады. Бұл жүйе оқу бағдарламасының тиімділігін бағалауға және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мемлекет ұстаздық мамандықтың беделін арттыру арқылы болашақ педагогтерді ынталандыруда. Қазірдің өзінде мектеп бітірушілер педагогикаға көбірек бет бұрып отыр. Бұл білім саласындағы жаңғырудың нақты нәтижесі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

استانادا “ورتالىق ازييا – يتالييا” سامميتى باستالدى

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет