Автор: ADMIN
«Азияның үздік лингвисі» — Маңғыстаудан! Қазақстандық оқушылар APLO-2025-те тарихи жеңіске жетті
 
            Маңғыстау облысының дарынды оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2025) абсолютті жеңімпаз атанып, Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті, деп хабарлайды Shalqar.kz Оқу-ағарту министірлігіне сілтеме жасап.
500-ге жуық оқушы қатысқан беделді халықаралық жарыста Рамазан барлық қарсыласын басып озып, алтын медаль иеленді. Ол Маңғыстаудағы IT-лицейдің 10-сынып оқушысы.
Бұл олимпиада — Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран және басқа да Азия-Тынық мұхиты елдерінің ең үздік оқушыларын жинайтын зияткерлік алаң. Қазақстан құрамасы биылғы жылы бұрын-соңды болмаған жоғары нәтиже көрсетті: 5 медаль мен 3 құрмет грамотасы еншілеген.
Жеңімпаздар тізімі:
 • Рамазан Бутантаев (алтын медаль) — IT-лицей, Маңғыстау облысы
 • Самир Сарбасов — НЗМ, Астана
 • Тимур Кантаев — «Арыстан» мектебі, Алматы
 • Зере Серікова — №9 «Зерде» мектебі, Астана
 • Темірлан Сейтбаттал — БИЛ, Ақмола облысы
Құрмет грамотасы иегерлері:
 • Ислам Сипатталов — БИЛ, Ақтөбе
 • Шыңғыс Қарасаев — НЗМ, Орал
 • Арон Хасанов — БИЛ, Атырау
Қазақстан құрамасын дайындаған — халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, Тюбинген университетінің студенті Аида Давлетова.
APLO — оқушылардың тілдік түйсігі мен логикалық ойлау қабілетін бағалайтын халықаралық жарыс. Бұл олимпиада – ғылым мен зияткерлікке жақын жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
 
                        Басты жаңалықтар
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Банки возобновили ипотеки после вынужденной паузы
 
    يپوتەكا بەرۋدى ۋاقىتشا توقتاتقان بانكتەر قايتا قوسا باستادى
Последние новости
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
