Автор: ADMIN
Жол сапасын енді халық өзі қадағалайды – «ҚазАвтоЖол» жаңа жүйе іске қосты
Қазақстан жолдарының сапасы енді тек мемлекеттік бақылаумен шектелмейді. Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарды бақылаудың жаңа форматына көшті — «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл бастама ел азаматтарын қоғамдық бақылауға белсенді араласып, жол инфрақұрылымының сапасын бірге жақсартуға шақырады. Енді әрбір жүргізуші мен жолаушы күрежолдағы кемшіліктерді көрсете алады — ақаулар, шұңқырлар, сапасыз жөндеу жұмыстары жайлы хабар беруге мүмкіндік бар.
Жол сапасына үлес қосқыңыз келе ме?
Бәрі оңай: 1403 қысқа нөміріне хабарласып, өтінім қалдырсаңыз жеткілікті. Байланыс орталығы сізден аты-жөніңізді, тұрғылықты мекеніңіз бен байланыс нөміріңізді сұрайды.
Қазірдің өзінде елімізде 8800 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр:
• 2100 шақырымында — құрылыс және қалпына келтіру,
• 460 шақырымында — күрделі жөндеу,
• 6300 шақырымында — орташа жөндеу.
«Халықтық бақылау» шеңберінде жол құрылыс нысандарына тұрақты түрде шығу жоспарланған. Қай өңірде, қай жол тексерілетіні туралы толық ақпарат www.qaj.kz сайтында жарияланады.
Бұл жүйе арқылы халық пен билік арасында сенім артып, жол құрылысы саласындағы ашықтық пен жауапкершілік жаңа деңгейге көтеріледі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo