Автор: ADMIN
Кедендегі «қызыл түйме»: жемқорлық пен әдепсіздікке қарсы жаңа қару
Енді кеден бекеттерінде заң бұзушылыққа тап болсаңыз, ешкімге жалынбай-ақ тікелей Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына шағым түсіре аласыз. Барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарына арнайы QR-кодпен жұмыс істейтін «қызыл түйме» орнатылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл не береді?
Жаңа бастама кедендегі қызмет көрсету сапасын бақылауға және қызметкерлер тарапынан әдепсіз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Азаматтар немесе кәсіпкерлер QR-кодты сканерлеп, бірнеше минут ішінде шағым немесе ұсыныс жолдай алады. Қаласаңыз, өтінімді анонимді түрде де жіберуге болады.
МКК ресми түсініктемесінде былай делінген:
«Кедергі немесе сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда, әр адам осы мүмкіндікті пайдалана алады. Бұл — әділ, ашық әрі клиентке бағытталған кеден жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет пен қоғам біріге отырып ғана сенімді әрі сапалы қызмет көрсете алады».
Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов кеден саласына құқық қорғау органының функцияларын беру қажет екенін айтқан болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı