Мереке

Автор: ADMIN

Мереке

Следуй за нами

28

Жеңістің 80 жылы: Тоқаев ұлт рухын дәріптеді

news single

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Айрықша шарада сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күннің тек тарихи ғана емес, рухани мәнінің зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз”, - деді Мемлекет басшысы.

Президент мәліметінше, соғыс жылдары майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың жартысы отан үшін жанын қиды. Кеңес Одағының Батыры атанған 500-ден астам жауынгердің есімі тарихта алтын әріппен жазылды. Батырлар қатарында Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа да қаһармандар бар.

Сонымен қатар, тылдағы еңбеккерлердің ерлігін де ерекше атап өтті. Қазақстаннан майданға мыңдаған вагон азық-түлік пен киім-кешек жөнелтілді. Қысқа уақыт ішінде жаңа өндірістер іске қосылып, соғысқа қажетті оқ-дәрі мен қару-жарақ дайындалды. Он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалғаны – соның айғағы.

Мемлекет басшысы сөз соңында бүкіл елді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, жарқын болашақ үшін жұмыла еңбек етуге шақырды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться