Автор: ADMIN
Тоқаев Мәскеуде: Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға қатысып жатыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей астанасы Мәскеуге ресми сапармен барды. Сапар мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық деңгейдегі салтанатты іс-шараларға қатысу. Мемлекет басшысы бұл сапарға Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы шақыруымен аттанды, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Мәскеуде басқа да шет мемлекеттердің басшыларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Бұған дейін, 7 мамырда Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өткен болатын. Оған 4 мыңнан аса әскери қызметкер, 200-ден астам әскери техника мен 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан еді.
Салтанатты шараға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам да құрметті қонақ ретінде қатысқан.
Мәскеудегі шаралар – Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи байланыстар мен стратегиялық әріптестіктің көрінісі ретінде қарастырылып отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Алтын күз: демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде 20 градусқа дейін жылы болады

Золотая осень: потепление пообещали в ближайшие дни в Казахстане

Qazaqstanda siır etiniñ eksportına şekteu engizu wsınıldı
Последние новости

Qazaqstanda siır etiniñ eksportına şekteu engizu wsınıldı

قازاقستاندا سيىر ەتىنىڭ ەكسپورتىنا شەكتەۋ ەنگىزۋ ۇسىنىلدى

Ограничить вывоз говядины предложили в Казахстане