Автор: ADMIN
Димаш пен Лара Фабиан Лондонда бір сахнада! Көптен күткен дуэт пен бейнебаян премьерасы

Қазақтың мақтанышы Димаш Құдайберген тағы да әлемдік сахнаны бағындыруда. Бұл жолы ол бельгиялық опера-эстрада жұлдызы Лара Фабианмен бірге Лондон төрінде ән шырқайды. Екеуі әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында өтетін Voices атты тур аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Концерт туралы хабарлама алаңның ресми Instagram парақшасында жарияланып, “екі феномальды әртіс” деген сипаттамамен бөлісілді. Бұл – Димаштың халықаралық сахнадағы тағы бір биік белесі.
Одан бөлек, Димаш тыңдармандарына тағы бір жаңалығын ұсынды: 15 мамырда сағат 20:00-де YouTube желісінде оның жаңа бейнебаяны – Тау ішінде жарық көреді. Премьераға орай арнайы челлендж жарияланды.
Челлендж шарты:
– 8–25 мамыр аралығында TikTok немесе Instagram-ға #tauishindechallenge хэштегімен 30 секундтық видео жүктеу қажет.
– Ең креативті және қаралымы жоғары видео жеңімпаз атанады.
– Сыйлық: жеңімпаз Димаштың кез келген концертін таңдап барып тамашалай алады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ пен қонақүй шығыны ұйымдастырушылар есебінен.
Челлендж жеңімпазы 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде жарияланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaq ruhaniyatı qara jamıldı: Temirhan Medetbek ömirden ötti

Soñğı qoñırauğa deyin: Qazaqstanda emtihan künderi jariyalandı

Dimaş pen Lara Fabian Londonda bir sahnada! Köpten kütken duet pen beynebayan prem'erası
Последние новости

Qazaq ruhaniyatı qara jamıldı: Temirhan Medetbek ömirden ötti

قازاق رۋحانيياتى قارا جامىلدى: تەمىرحان مەدەتبەك ومىردەن وتتى