Автор: ADMIN
Қазақ руханияты қара жамылды: Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға ұшырады. Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қаралы хабарды ақын Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында жариялап, соңғы сәттерде жанында болған сәттерімен бөлісті. Ақынның ауыр хәлде ауруханада жатқаны бұған дейін белгілі болған еді. Соңғы күндері Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы мен жақын әріптестері оның халінен тұрақты хабар алып отырған.
— Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, асқақ рухтың иесі Темірхан ағамызбен кеше үнсіз қоштастық, — деді Қасымхан Бегманов.
Темірхан Медетбек — тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясына жаңаша леп, ұлттық рух әкелген ерекше тұлға. Оның шығармашылығы ұлт болмысы мен тарихына терең бойлай отырып, замана үнін поэзия тілімен жеткізе білді.
Жуырда ғана Алматыда 80 жылдық мерейтойы аталып өтіп, рухани орта оны ерекше ілтипатпен қарсы алған еді.
Ақынның жаназасы мен ас беру рәсімі туралы қосымша ақпарат жақын күндері хабарланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا

Wlttıq elektrondı kitaphanağa swranıs kürt arttı — 44% ösim
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى