Автор: ADMIN
Құрбан айтта қанша күн демаламыз? Маусымдағы ұзақ демалысқа дайын болыңыз!
Маусым айында қазақстандықтарды жағымды жаңалық күтіп тұр – Құрбан айт мерекесіне орай ел тұрғындары ұзақ демалысқа шығады, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты eGov порталына сілтеме жасап.
“Электрондық үкімет” порталындағы ресми күнтізбеге сәйкес, 2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні жұма – 6 маусымға түсіп тұр. Бұл күн – ресми түрде демалыс күні ретінде белгіленген.
Осылайша, 6, 7 және 8 маусым күндері қатарынан үш күн демалыс болады. Ал 9 маусым, дүйсенбі – жұмыс күні.
Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылмандардың ең ұлық мейрамдарының бірі. Ол қажылық сапарының аяқталғанын білдіреді және жан мен тәнді тазартып, жақсылық жасауға үндейтін рухани мейрам саналады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı