Медицина

Автор: ADMIN

Медицина

Следуй за нами

36

Дәрігерге бармай-ақ рецепт алуға бола ма? Жаңа бастама пациенттерге жеңілдік әкелмек

news single

Қазақстанда созылмалы ауруы бар азаматтарға дәрігердің қабылдауына бармай-ақ, рецепт алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылдың шілдесінен бері диспансерлік есепте тұрған пациенттерге үш айға дейінгі мерзімге дәрі-дәрмекке рецепт жазу мүмкіндігі берілген. Рецепттер емханаларда QR-код, SMS-код немесе қағаз түрінде рәсімделеді. Қазір бұл жүйе “Әлеуметтік әмиян” жобасы аясында 744 медициналық ұйымды қамтып отыр.

Ермек Көшербаевтың сөзінше, алдағы уақытта орта медициналық қызметкерлер — яғни, медбикелер дәрігердің тағайындауы болған жағдайда өздері рецепт жаза алады. Бұл әсіресе созылмалы аурумен өмір сүретін азаматтар үшін өте тиімді. Себебі олар рецепт алу үшін дәрігерге кезекке тұрмай-ақ, емханаларда медбикеге жүгініп, қажетті дәрілерін ала алады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі сатып алынатын дәрілік заттар тізімін қайта қарап жатыр. Қолданыстан шыққан дәрілер алынып тасталып, олардың орнына жаңа инновациялық препараттар қосылған. Қазір бұл өзгерістер мемлекеттік органдарда келісу кезеңінде.

Жаңартылған тізімде 19 жаңа дәрі бар, ал 172 дәрілік зат пен медициналық бұйым алып тасталған. Сондай-ақ, 2025 жылдың сәуірінен бастап өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 ауру түрі амбулаториялық қамтамасыз ету тізімінен шығарылған.

Бұдан бөлек, 12 әлеуметтік маңызы бар ауру ТМККК (тегін медициналық көмек) пакетінің орнына МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне ауыстырылады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться