Автор: ADMIN
Қазақстан мен Абу Даби жаңа деңгейде әріптестікке қадам басты: 5 миллиард долларлық келісімдер жасалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекет басшысы сапар аясында жалпы құны 5 миллиард АҚШ долларына жуық 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылатынын атап өтті.
Нақты жобалар қатарында:
• “Самұрық-Қазына” АҚ мен Masdar компаниясы арасында Қазақстанда қуаты 2000 МВт-қа дейінгі энергия сақтау жүйесі мен 500 МВт-тық күнделікті энергия өндіру жобаларын іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды.
• Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Түркістан қаласында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана салу және оны қаржыландыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
Бұл келісімдер елдегі энергетика, медицина және инфрақұрылым салаларындағы даму бағыттарына серпін беріп, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11
V Italii otkrılis' XIV zimnie Paralimpiyskie igrı
«Палау орталығындағы» өрттен қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11