Автор: ADMIN
Шегірткемен күрес Үкімет бақылауында
Елімізде ауыл шаруашылығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін шегіртке шабуылына байланысты дабыл қағылуда. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегірткемен күрес жұмыстарын жеке бақылауына алып, Түркістан мен Жамбыл облыстарына ерекше назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, былтырғы зерттеу нәтижесіне сәйкес шегірткелердің таралуы мүмкін аумақ көлемі 2,5 млн гектарды құрайды. Биыл бұл қауіптің алдын алу үшін мемлекет тарапынан 7,1 миллиард теңге бөлініп, оңтүстік өңірлерде ауқымды жұмыстар басталған.
— Түркістан облысында жоспарланған шаралардың 90 пайызы атқарылды. Айдың соңына дейін толық аяқтаймыз деп отырмыз. Ал Өзбекстан тарапы өз аумағында тек 50 пайыз көлемінде ғана жұмыстар жүргізіп үлгерген. Осыған байланысты шекара маңындағы аумақтарға ерекше бақылау орнатылған, — деді министр.
Жамбыл облысында да 28 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткен. Премьер-министр шекаралас аймақтарда мониторингтің сапалы жүргізілуін қадағалау қажет екенін айтып, әкімдіктерге нақты тапсырмалар берді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding