Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам

Следуй за нами

72

Қостанайда Jetour X70 Plus көлігінің жаңа өндірісі іске қосылды

news single

Қостанайда Jetour X70 Plus көлігін CKD әдісімен құрастыру өндірісі ресми түрде басталды. Өндіріс орнына барған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа желінің жұмысын іске қосты, деп хабарлайды Shalqar.kz.

CKD — көлікті шанақтан бастап сырлау мен толық жинауға дейінгі кезеңдерін қамтитын ұсақбөлшекті өндіріс әдісі. Бұл тәсіл Allur зауытына мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға және өндірісті тереңдетуге мүмкіндік береді.

Жаңа өндірістік желінің қуаты — жылына 15 мың көлік. Жоба аясында 1000-нан астам адам жұмысқа тартылады. Ал жалпы Allur компаниясы 5000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда Allur Қазақстандағы автокөлік өндірісінің 61 пайызын, сатылымның 38 пайызын қамтамасыз етеді. Ал Jetour X70 Plus моделі елімізде ең көп сатылған қытайлық көлік атанды — 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 726 дана сатылған.

Компания мен Jetour арасындағы әріптестік аясында Қостанайда ТМД елдеріне арналған халықаралық оқу орталығы ашылмақ. Бұл орталық техникалық қызмет көрсету мен сатылым саласына мамандар дайындаумен айналысады. Жоба көрші елдерге де экспортталмақ.

Министрлік бұл жобаның өнеркәсіптегі локализацияны арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуда маңызы зор екенін атап өтті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться