Автор: ADMIN
Әлеуметтік осал топтарға бизнес бастау үшін грант беріледі
Мемлекет әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, өз ісін бастауға да қолдау көрсетіп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілген, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бүгінде ерекше қажеттілігі бар 108,9 мың адам еңбекке тартылған. Бұл – мүгедектігі бар азаматтардың жалпы санының 28,9%-ы. Жалпы, елімізде 737,4 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.
Жұмысқа орналасуға арналған негізгі бағдарламалар:
• Қоғамдық жұмыстар – 3248 адам
• Тұрақты жұмыс орындары – 874 адам
• Әлеуметтік жұмыс орындары – 191 адам
• Жастар практикасы – 80 адам
• «Күміс жас» жобасы – 333 адам
• «Алғашқы жұмыс орны» жобасы – 4 адам
Бизнес бастауға қолдау:
• 1,3 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды
• 726 адам оқуды аяқтап, сертификат алды
• Әлеуметтік осал топтарға 400 АЕК (шамамен 1,5 млн теңге) көлемінде мемлекеттік гранттар беріледі
Сонымен қатар, 2018 жылдан бері мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға кеткен шығындарды өтеу үшін жұмыс берушілерге субсидия беріледі. Бүгінде осындай 226 арнайы жұмыс орны құрылған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh
Қор нарығын шикізат төмен тартып, банктер алға сүйреді
Soñğı 50 jıldağı Qıtayda bolğan iri ört apattarına şolu
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh