Автор: ADMIN
Жасанды интеллектке заң керек пе? Мәжіліс нақты жауап берді

Цифрлық дәуірде жасанды интеллектсіз болашақты елестету қиын. Алайда бұл технологияның жылдам дамуы оны заңмен реттеуді қажет етіп отыр. Мәжіліс депутаттары осы мәселеге нақты қадам жасады — “Жасанды интеллект туралы” жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева аталған заң жобасын таныстырып, оның басты мақсатын түсіндірді: технологияның дамуын тежемей, сонымен бірге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Заң не үшін қажет?
Смышляеваның айтуынша, заң жобасы үш негізгі міндетті шешуге бағытталған:
1. Азаматтардың құқықтарын қорғау
ЖИ технологиясын қолдану барысында пайдаланушылардың деректері мен жеке өмірінің қауіпсіздігі басты орында. Барлық процесс ашық әрі сенімді болуы тиіс.
2. Дамуға жол ашатын нақты ереже
Заң әзірлеушілер мен инвесторлар үшін айқын “ойын ережелерін” белгілейді. Бұл – ЖИ саласына сенімді арттырып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
3. Мемлекеттің рөлі мен жауапкершілігі
Жасанды интеллект экономиканың ажырамас бөлігіне айналып жатқанда, мемлекеттің реттеуші ретіндегі орны да заңмен нақтыланбақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Сколько мужчин в Казахстане берут отпуск по уходу за ребенком

В Астане открылся новый Музей искусств с собственной мастерской

ەلىمىزدە قانشا ەر ادام بالا كۇتىمىنە بايلانىستى دەمالىستا وتىر
Последние новости

Elimizde qanşa er adam bala kütimine baylanıstı demalısta otır

ەلىمىزدە قانشا ەر ادام بالا كۇتىمىنە بايلانىستى دەمالىستا وتىر

Сколько мужчин в Казахстане берут отпуск по уходу за ребенком