Автор: ADMIN
Алматылықтар енді Ыстықкөлге бір сағатқа жетпей-ақ жете алады
Жазғы демалысты Ыстықкөлде өткізгісі келетіндер үшін жақсы жаңалық: 2025 жылғы 3 шілдеден бастап FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Қырғызстандағы Ыстықкөл (Тамшы) арасындағы тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы небәрі 55 минут, ал қайтар жол – 1 сағат. Жол жүру уақыты жерүсті көлігімен 5-7 сағатқа дейін созылатынын ескерсек, бұл – айтарлықтай үнем.
Ұшу кестесі:
• Бейсенбі:
Алматы – 15:05 → Тамшы – 17:00
Тамшы – 18:00 → Алматы – 18:00
• Жексенбі:
Алматы – 13:15 → Тамшы – 15:10
Тамшы – 16:10 → Алматы – 16:10
Билеттер бағасы бір бағытқа – 24 000 теңгеден басталады (“Комфорт” тарифімен).
Айта кетейік, жақын арада Қазақстан мен Иордания арасында да тікелей рейс ашылуы мүмкін.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Алматы с 27 по 31 октября временно отключат электричество
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo