Автор: ADMIN
Қос диплом – қос мүмкіндік: Сәтбаев университеті мен АҚШ-тағы үздік оқу орны бірікті
Инженер болғысы келетін жастар үшін керемет жаңалық! Сәтбаев университеті мен әлемдік үздік техникалық оқу орындарының бірі – Колорадо тау-кен мектебі инженер мамандарды бірлесіп даярлауға келісім жасады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңа бағдарлама аясында студенттер Қазақстан мен АҚШ-та оқып, қос диплом алып шығады. Бұл 3+1+1 форматы бойынша жүзеге асады: үш жыл – Сәтбаевта, бір жыл – Колорадо тау-кен мектебінде, тағы бір жыл – магистратура. Сонымен қатар екі университет бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамытпақ.
Келісімге АҚШ-та өткен ресми кездесуде Сәтбаев университетінің Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Самғат Ермекбаев пен Колорадо тау-кен мектебінің жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд қол қойды.
Неге бұл маңызды?
• Колорадо тау-кен мектебі – дүниежүзіндегі №1 тау-кен инженериясы оқу орны (QS рейтингі, 2025).
• Университет таза теория емес, нақты өндірістік тәжірибе беретін бағдарламаларымен танымал.
• Студенттер халықаралық жобаларға қатыса отырып, әлемдік деңгейдегі инженерлермен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
Даже безработный обязан платить алименты
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı