Автор: ADMIN
Таза ауа – таза сана: Рудныйда экологиялық жүгіру өтті
15 мамыр күні Рудный қаласында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ерекше форматтағы — экожүгіру шарасы өтті. Табиғатты қорғау мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл іс-шара Тобыл өзенінің жағалауында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жүгіруге жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спортшылар және қала тұрғындары қатысты. Олар табиғат аясында жүгіріп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде қоғамға үлгі көрсетті.
Іс-шараны Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
“Таза Қазақстан” жобасы – бұл тек қоқыс жинау емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы нақты қадам,” – дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Рудный қаласында бұл бастама аясында тазалық жұмыстары мен көгалдандыру жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мұндай акциялар жастардың экосана мен табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı