Білім

Автор: ADMIN

Білім

Следуй за нами

78

Грузияда тегін оқығың келе ме? Қазақстандықтарға 5 білім гранты бөлінді

news single

Грузияның үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік туды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Грузия Білім, ғылым және жастар министрлігі арасындағы келісім аясында қазақстандық студенттерге 2025–2026 оқу жылына арналған 5 білім гранты бөлінді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Қанша грант бар?
– 2 орын – бакалавриат
– 2 орын – магистратура
– 1 орын – докторантура
Мамандықтар тізімі мен нақты талаптар Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Қалай өтініш беремін?
Құжаттар 2025 жылдың 26 мамырына дейін қабылданады. Еgov.kz порталы арқылы немесе Халықаралық бағдарламалар орталығына барып, қолма-қол тапсыруға болады.

Іріктеу қалай өтеді?
Барлық үміткер онлайн сұхбаттан өтеді. Егер бірдей балл жинағандар болса, келесі санаттағы жастарға басымдық беріледі:
– жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар
– мүмкіндігі шектеулі жастар
– көп балалы отбасынан шыққандар
– ауылдық елді мекендерде тұратындар

Маңызды:
Соңғы күндері Грузия аумағына кіруге байланысты қиындықтар жиілегенімен, грузин тарапы қазақстандықтарға қолайлы жағдай жасауға ниетті екенін жеткізді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться