Автор: ADMIN
Соңғы қоңырау – ереже мен шектеу көп: биылғы түлектерге не рұқсат, не тыйым?

Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтпейді. Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті билік оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тыйым мен тәртіп бекітті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 11-сынып түлектері үшін салтанатты жиындар тек мектеп қабырғасында өтетінін айтты. Бұл – әкімшілік шешімімен 23 немесе 24 мамыр күндері ұйымдастырылады. Аттестат тапсыру рәсімі 18–20 маусым аралығында өтеді. Ал 1–10 сыныптар үшін 23 мамырда сынып сағаттары жоспарланған.
Шаралар тек мектеп аумағында ғана өтуі керек. Қоғамдық орындар, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарында соңғы қоңырау өткізуге қатаң тыйым салынды.
Маңғыстау облысы білім басқармасының мәліметінше, мыналарға рұқсат жоқ:
• Ата-аналардан ақша жинауға;
• Аниматорлар мен мерекелік агенттіктер шақыруға;
• Мұғалімдер мен мектепке сыйлық беруге;
• Банкет өткізуге, лимузин немесе көлік жалдауға;
• Қоғамдық жерлерде серуендеуге.
Түлектер табиғатқа шығатын болса, арнайы рұқсаттар мен құжаттар қажет:
• Мектептің бұйрығы;
• Ата-ананың жазбаша келісімі;
• Маршрут туралы полицияға хабар беру.
Бұл сапарға мектеп өкілі, дәрігер және полицей бірге ілесуі міндетті.
Қауіпсіздік шаралары мұнымен шектелмейді:
• Әр мектепке полиция қызметкері бекітіледі;
• Камералар бақылауы күшейтіледі;
• Кәмелетке толмағандар түнде көшеде жүруге болмайды;
• Дүкендер мен дәмханаларда алкоголь сату қатаң қадағаланады.
Өрт қауіпсіздігі де назарда:
• Рұқсат етілмеген орындарда шомылуға;
• Пиротехника қолдануға тыйым салынған;
• Арнайы орындардан тыс суға секіруге болмайды.
Жауапты органдар ата-аналар да балаларының қауіпсіздігіне ортақ жауапты екенін ескертті. Министрлік тарапынан нақты бұзушылықтар тіркелген жағдайда жедел шаралар қабылданбақ.
Айта кетейік, биыл 9-сыныпты 364 мыңнан астам, ал 11-сыныпты 17 мыңнан астам оқушы тәмамдайды.
Мемлекеттік емтихандар 9-сыныптар үшін – 29 мамыр мен 10 маусым, ал 11-сыныптар үшін – 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ۇلتتىق ەلەكتروندى كىتاپحاناعا سۇرانىس كۇرت ارتتى — 44% وسىم

Dimaştıñ 75 äni Argentina radiosında şırqaluda
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى