Автор: ADMIN
Соңғы қоңырау — қарапайым, қауіпсіз, және шығынсыз: Қызылордада ақша жинауға тыйым салынды

Қызылорда облысында биыл мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау — ерекше форматта өтпек. Енді салтанатты кештер мейрамханада емес, мектеп қабырғасында, ал ата-аналардан ақша жинау мүлде тоқтатылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
23 мамыр күні барлық мектепте сағат 9:00-де бітірушілерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты шара ұйымдастырылады. Бұл күн «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланады.
Облыстық білім басқармасы шараны барынша қарапайым форматта өткізуді міндеттеді.
— Мектеп бітіруге байланысты ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауға, қымбат мейрамханаларда кеш ұйымдастыруға, кортежбен жүруге қатаң тыйым салынады. Бұл — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынған шешім, — деді басқарма басшысы Асқарбек Есжанов.
Сондай-ақ, мектеп түлектерінің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері және ішкі істер органдарымен бірге алдын алу және кезекшілік шараларын ұйымдастырады.
9-сыныптар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, ал 11-сыныптар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында қорытынды емтихан тапсырады. Бұл кезде де мұғалімдерге сыйлық беру немесе дастархан жаюға тыйым салынған.
Сондай-ақ 5–8 және 10-сыныптағы 80 мыңға жуық оқушы 26–29 мамыр аралығында қазақ тілінен қорытынды емтихан тапсырады. «Алтын белгі» үміткерлері жазбаша емтиханды 4 және 9 маусым күндері өткізеді. Барлық емтихан облыстық комиссия бақылауымен өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Nazım Qızaybay: Älem çempionatındağı kümis jülde iegeri
Последние новости

Qarağandı men Qazan universitetteri därigerlerdi birlesip dayarlaydı

قاراعاندى مەن قازان ۋنيۆەرسيتەتتەرى دارىگەرلەردى بىرلەسىپ دايارلايدى