Автор: ADMIN
“Тәжен” шекара бекеті күзге дейін жабық: Сапар жоспарлағандар назарына!
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы “Тәжен” шекара бекеті 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Уақытша шектеу екі ел арасындағы келісім негізінде енгізілген. Жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар мен салмағы 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдары аталған өткізу пункті арқылы шекарадан өте алмайды.
Бекеттің жабылуына себеп – ауқымды құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары. Қазір мұнда күрделі жөндеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және бейтарап аймақта жаңа жол салу секілді ірі жобалар жүзеге асуда.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды алдағы сапарларын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруге шақырады.
Ескеріңіз: “Тәжен” – Маңғыстау өңірі арқылы Өзбекстанға өтетін негізгі жолдардың бірі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo