Автор: ADMIN
Жазғы демалыс – жұмыс пен жаңа білімге жол: оқушылар мен студенттерге арналған мүмкіндіктер

Жаз келді – демалыс уақыты ғана емес, өзін-өзі дамыту мен алғашқы табыс табудың да тамаша кезеңі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, биыл мектеп оқушылары мен студенттерге түрлі салаларда жұмыс істеуге және жаңа дағдыларды меңгеруге нақты мүмкіндіктер қарастырылған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Министрдің дерегінше, елімізде 14 пен 18 жас аралығында жұмыс істеуге рұқсат етілген 1,5 миллионға жуық оқушы бар. Оның ішінде 26 мыңнан астамы – мүмкіндігі шектеулі жастар. Жұмыс істеуге бейілді оқушылардың көбі Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында шоғырланған.
Қазірдің өзінде 24 мыңнан астам оқушы сауда және тамақтану саласында еңбекке араласып үлгерген. Ал жазғы демалыс кезінде жастардың белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше бастама қолға алынбақ.
Жастарға арналған басты мүмкіндіктер:
• enbek.kz порталында “Менің жазғы демалысым” бөлімі ашылды. Мұнда оқушылар мен студенттер тіркеліп, түйіндеме жасап, жұмыс іздей алады. 16 жасқа дейінгілер үшін ата-анасы немесе қамқоршысы арқылы тіркеу жүргізіледі.
• Skills.Enbek онлайн платформасында 1000-нан астам курс қолжетімді. Оның 322-сі тегін, 137-сі қазақ тілінде. Жастар бұл курстар арқылы ІТ, дизайн, маркетинг, қаржы сынды салаларда білімін жетілдіре алады.
• Қоғамдық жұмыстар мен кәсіптік бағдар беретін жобалар іске қосылады. Бұл шаралар жастарды еңбекке баулып қана қоймай, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

استانادا “ورتالىق ازييا – يتالييا” سامميتى باستالدى

В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет