Автор: ADMIN
Астанадан Белградқа тіке ұшу: Қазақстан мен Сербия арасына жаңа әуе көпірі салынады
2025 жылдың соңына қарай қазақстандықтар Еуропаға біршама оңай әрі ыңғайлы жететін болады – Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылмақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Аталған шешім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында берілген тапсырма нәтижесінде қабылданды. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сербияның құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевич келіссөздер жүргізіп, рейсті іске қосуға уағдаласты.
Жаңа бағыттың ерекшелігі:
• Рейс 2025 жылдың соңына дейін ашылады
• Ұшуларда «бесінші дәрежелі әуе еркіндігі» қолданылуы мүмкін – бұл транзит арқылы басқа елдерге де ұшуға мүмкіндік береді
• Тікелей рейсті SCAT әуе компаниясы іске қосуы мүмкін
Келіссөздерге қазақстандық туристік компаниялар да қатысып, бұл бастаманың туризмді дамытуға үлкен серпін беретінін атап өтті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
تاربيە دەگەن تاڭىر بار
TÄRBIE DEGEN TÄÑİR BAR
تاربيە نەگIزI – وتباسىندا
Последние новости
WLTTIQ TÄRBIENİÑ OTBASINDAĞI MAÑIZI
ۇلتتىق تاربيەنىڭ وتباسىنداعى ماڭىزى
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ