Автор: ADMIN
Төтенше жағдайларға дайынбыз ба? 22 мамырда ел бойынша жаттығу өтеді
22 мамыр күні таңғы сағат 9:00-де Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйелері іске қосылады. Бірақ алаңдауға негіз жоқ – бұл жоспарлы оқу-жаттығу, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ескерту жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дабыл белгісі беріледі. Бұл жаттығу азаматтық қорғау саласындағы барлық құрылымдардың төтенше жағдай кезіндегі үйлесімді әрекетін пысықтауға бағытталған.
Биылғы оқу-жаттығудың басқару және үйлестіру орталығы Павлодар облысында орналасқан. Осы өңір оқу-жаттығу барысындағы негізгі іс-қимылдардың алаңына айналады.
Шара шеңберінде шекара маңындағы орман және дала өрттерін сөндіру тактикасы да пысықталады. Бұл жұмыстарға Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен арнайы техникалары жұмылдырылмақ.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауын сұрайды. Бұл – жоспарлы тексеріс екенін ескеріңіз. Ешқандай қауіп жоқ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo