Автор: ADMIN
Электр энергиясы енді әр бұрышта: Алматыда жүздеген зарядтау бекеті пайда болады

Алматыда экологияны жақсарту мен заманауи көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін қалада электромобильдерге арналған 311 жаңа зарядтау станциясы орнатылмақ. Олар халық көп шоғырланатын базарлар, саябақтар, дәмханалар мен өзге де қоғамдық кеңістіктер аумағында қолжетімді болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, әр станция қуаты 60 кВт және одан жоғары болады. Жобаны отандық инвесторлар жүзеге асырады. Әр нүктеде екі паркоместке арналған қуаттау құрылғысы орналастырылады, бұл өз кезегінде 622 жаңа тұрақ орнының пайда болуына мүмкіндік береді.
Бір нүктеге салынатын орташа инвестиция көлемі кемінде 10 миллион теңгені құрайды. Ал электромобильді қуаттаудың құны – 1 кВт үшін 100 теңгеден аспайды.
Барлық бекеттер 2025 жылдың соңына дейін толық іске қосылады. Қазірдің өзінде Алматыда 300-ден астам жеке зарядтау бекеттері жұмыс істеп тұр.
Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, 2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет