Қоғам
Автор: ADMIN
Қоғам
КӨНЕ ЕТІК
Бұл – Мұхтарәлі Хасанбайұлы Ибрагимов,Ташкент облысы, Тойтепадан. Қысқасы, қыстақтан. Жалаңаяқ жұмысшының баласы. Қазір ол Калининград қаласының тұрғыны. Әлемдегі бай дизайнердің бірі. АРТ «Максик» жиһаз жасау зауытының басшысы.
Әскери борышын өтеп, сол қалада 1978 жылы гастербайтер болып жұмыс істеуді бастаған ол жастық шағын аумағы 8 метр жатақханада өткізді. Қиналған сәті көп, күнкөріс үшін күрестен қашпаған. Сол кезде «Егерде бай болсам төбесі 8 метр биік болатын үй тұрғызамын» деп армандайды екен.
Төртінші сыныптан суретші болғысы келіп, интернатта, училищеде оқыған. Арман деген асқақ ғой, адам шын пейілден беріліп, соның жүзеге асқанын қаласа, сөз жоқ, еңбектенсе, үміті ақталады. Кемеде, құрылыста жұмыс істеген, бірте-бірте бизнеске бет бұрған Мұхтарәлі алдымен цех, кейін зауыт ашты. Әлемдік брендке ие Франция, Швейцария жиһаздары үлгісін үйреніп, жаңа дизайндік қолтаңбасын төрткөл дүниеге танытты. Үш мемлекет Президентінің арнайы ұшағын бастан-аяқ жаңа үлгіде жабдықтады. Соның бірі – В.Путиннің жеке ұшағы.
- 2001 жылы өзен жағалауынан 30 мың евроға 8 сотық жер сатып алдым. Қазір әрбір сотығы 100 мың еуро. 120 құрылысшы латыш бір жылда мені үйге кіргізді.Бүгінде бәрі бар, бәрі жеткілікті. Мен өмірімде өзбек ұлтына кір келтірмеуге тырыстым. Сол ниетіме жеттім, - дейді бизнесмен.
Ол қазір зейнетте. Бір ұл, бір қызы бар.
Мені таңдандырғаны бір-ақ деталь: Байлық та, дизайн да емес, 1978 жылы жұмысшы болып жүргенде киген көне етігін коттедждің кіреберісіне қойғаны. Ол балалары үшін. Өйткені осынша дүниені тапқан еңбегін елеп жүрсін деп есептейді.
Ескерту: Материал Facebook желісінен алынған. Тақырыптың өзектілігіне байланысты сайт оқырмандарына ұсындық.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Новости
2026-01-28
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Жаңалықтар
2026-01-28
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Жаңалықтар
2026-01-28
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Последние новости
Жаңалықтар
2026-01-28
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
Жаңалықтар
2026-01-28
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Новости
2026-01-28
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться