Автор: ADMIN
Марстағы “селфи-жарылыс”: Perseverance қызыл ғаламшарда ерекше сәтті кадрға түсірді
NASA-ның Perseverance ровері Марстағы тылсым табиғат құбылысын кадрға түсіріп, ерекше селфи жасады. Бұл оқиға қызыл планетадағы зерттеулерге жаңаша серпін беріп отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz Associated Press сілтеме жасап.
Суретте ровердің арт жағында шаңды құйын – марстық “торнадо” анық көрінеді. Бұл құбылыс аппараттан небәрі 5 шақырым жерде орын алған. NASA мәліметіне сүйенсек, бұл кадр ровердің робот қолындағы камерамен түсірілген 59 жеке суретті біріктіру арқылы алынған. Бүкіл процеске бір сағаттай уақыт кеткен.
– Артқы жақтағы шаңды дүлей бұл суретті ерекше ғана емес, оны классикалық туындыға айналдырады, – дейді суретті құрастырған Malin Space Science Systems компаниясының визуализация маманы Меган Ву.
Кадрда Perseverance бұрғылап жатқан соңғы жыныс үлгісі де көрініс тапқан. Бұл – ровердің Марстағы 1500-ші, ал Жер уақытымен 1541-ші күні.
Айта кетейік, қазір аппараттың беті қызыл шаңға толы – бұл ұзақ зерттеу жұмыстарының айғағы. 2020 жылы ұшырылған Perseverance қазіргі таңда Езеро кратерінде – ежелгі өзен арнасында зерттеу жүргізіп, болашақта Жерге жеткізілуі мүмкін үлгілерді жинауда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ۆ الماتى س 27 پو 31 وكتيابريا ۆرەمەننو وتكليۋچات ەلەكتريچەستۆو
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo