Автор: ADMIN
Гарвард шетелдік студенттерден бас тартты: Қазақстаннан қанша студент оқып жүр?
Білім саласындағы күтпеген шешім: АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі әйгілі Гарвард университетін шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырды. Енді әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі халықаралық студенттерге есігін жауып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл шешімге сәйкес, Гарвард енді жаңа шетелдік студенттерді қабылдай алмайды, ал қазір оқып жатқан халықаралық студенттер оқуын басқа университетке ауыстыруы тиіс. Әйтпесе, АҚШ-тағы легалды мәртебесінен айырылуы мүмкін.
Қазақстандықтар да бұл жағдайдан тыс қалмады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда “Болашақ” бағдарламасы арқылы Гарвардта 7 қазақстандық білім алып жатыр.
– Бізге Гарвардқа байланысты көп сауал келіп түсуде. Қазіргі уақытта біз тек “Болашақ” бағдарламасына қатысты ақпаратты растай аламыз. Өз қаражатына немесе басқа бағдарламалармен оқып жатқан азаматтар туралы мәлімет жоқ, – деп жазды Беркінбаев Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Гарвардқа қатысты дау 2024 жылдың сәуірінде басталған. Университет Дональд Трамп әкімшілігінің талаптарын – бағдарламаларға аудит жүргізу және студенттер мен оқытушылардың көзқарасын бақылау – орындаудан бас тартқан. Осыдан кейін университет 2,2 млрд долларлық федералды гранттан айырылды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Şımkentte balalarğa beriletin birjolğı äleumettik kömek jıl soñına deyin tölenedi
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo