Автор: ADMIN
Суға батып бара жатқан баланы құтқарған студентке ел алғысын білдірді
Өмір мен өлім арасындағы сәтте еш ойланбастан көмекке ұмтылған жас батыр ел назарында. Өскеменде бес жасар баланы судан аман алып шыққан студент Ерасыл Омарханов Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы медалімен марапатталды, деп хабарлайды Shalqar.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2-курс студенті Ерасыл Омархановқа “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” медалін ШҚО ТЖД бастығы Рашид Белялов салтанатты түрде табыс етті.
– Көрсеткен ерлігіңіз – нағыз азаматтық пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Сіздің батылдығыңыз – өскелең ұрпаққа үлгі. Мұндай батырлардың біздің өңірде барына қуаныштымыз, – деді Белялов марапаттау кезінде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда 27-31 қазан аралығында электр жарығы уақытша өшіріледі
V Şımkente edinovremennuyu social'nuyu pomoş' detyam vıplatyat do konca goda
شىمكەنتتە بالالارعا بەرىلەتىن بىرجولعى الەۋمەتتىك كومەك جىل سوڭىنا دەيىن تولەنەدى
Последние новости
Almatıda 27-31 qazan aralığında elektr jarığı uaqıtşa öşiriledi
الماتىدا 27-31 قازان ارالىعىندا ەلەكتر جارىعى ۋاقىتشا وشىرىلەدى
V Almatı s 27 po 31 oktyabrya vremenno otklyuçat elektriçestvo