Автор: ADMIN
Алматының жаңа әкімі белгілі болды – Дархан Сатыбалдыға үлкен қала тізгіні тапсырылды
Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен бұл жауапты қызмет Дархан Сатыбалдыға жүктелді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Дархан Сатыбалды – тәжірибелі басқарушы, түрлі салада мол еңбек жолынан өткен мемлекет қайраткері. Ол 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын және Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Мансап жолын 1996 жылы қарапайым коммуналдық кәсіпорында бастап, кейін Қаржы министрлігі, Президент әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі, ҰҚК мен Үкімет аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған. Шымкент әкімі, Түркістан облысының әкімі, ҚР-ның Өзбекстандағы елшісі сияқты жоғары қызметтерде болған. Соңғы қызметі – Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
چيسلو پوگيبشيح پري پوجارە ۆ «پالاۋ ورتالىعى» دوستيگلو 11
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
Последние новости
«Palau ortalığındağı» örtten qaza tapqandar sanı 11-ge jetti
«پالاۋ ورتالىعىنداعى» ورتتەن قازا تاپقاندار سانى 11-گە جەتتى
Çislo pogibşih pri pojare v «Palau ortalığı» dostiglo 11