Автор: ADMIN
Қазақстандағы үздік 100 мектеп анықталды
 
            Еліміздің ең үздік білім ошақтары белгілі болды. 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанның 100 үздік мектебі анықталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл тізімді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жан-жақты талдау негізінде жасап шығарды. Мектептердің рейтингі білім сапасын сырттай бағалау, PISA зерттеулеріне қатысу деңгейі, оқушылар жетістігі, мұғалімдердің біліктілігі, инклюзивті білім беру, ғылыми және әлеуметтік жобалардағы белсенділік, тәрбие жұмысының тиімділігі мен мектептегі ахуал сияқты бірқатар критерийлер бойынша бағаланған.
– Бұл тізім – жай ғана үздік мектептер жиынтығы емес. Бұл – әр баланың қабілетін ашуға күш салатын мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, ата-аналар мен оқушылардың үйлесімді еңбегінің көрінісі. Әр бала білім алатын орнына сеніп, шабыттанып, өз әлеуетін аша білуі тиіс, – деді Комитет төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Айта кетейік, елімізде 8 мыңға жуық мектеп бар. Онда 3,9 миллионнан астам оқушы білім алып, 412 мың педагог еңбек етуде. Үздік 100 мектеп тізімін анықтау бастамасы алдағы жылдары да жалғасып, тұрақты рейтингке айналмақ.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
 
                        Басты жаңалықтар
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    اقىلى جولدار قازىناعا 62 ميلليارد تەڭگە كىرىس اكەلدى
 
    Банки возобновили ипотеки после вынужденной паузы
Последние новости
 
    Platnıe dorogi prinesli v byudjet 62 milliarda tenge
 
    پلاتنىە دوروگي پرينەسلي ۆ بيۋدجەت 62 ميللياردا تەنگە
 
    Aqılı joldar qazınağa 62 milliard teñge kiris äkeldi
 
            