Автор: ADMIN
Қазақстанда екінші әйел-гроссмейстер атанғалы отыр
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат аренасында кезекті рет биіктен көрінді. БАӘ-де өткен беделді Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, FIDE рейтингінде 2500 межеден асып түсті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл – шахматтағы ең жоғарғы атақтың есігін айқара ашатын сәт. Енді тек Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми шешімі қалды. Осылайша, Бибісара Қазақстан тарихында әйелдер арасынан шыққан екінші гроссмейстер (GM) болмақ. Бұған дейін бұл атақты тек Жансая Әбдімалік иеленген болатын.
Sharjah Masters турнирі оңай қарсыластармен ерекшеленбейді. Бұл жолы да 64 гроссмейстер қатысқан жарыста Бибісара тек үздік 30 шахматшының қатарына еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол тіпті әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Айта кетейік, Бибісара – Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер. Ақтаудан шыққан дарынды қыз ел шахматының дамуына зор үлес қосып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
سىرьيو تيانۋلو رىنوك ۆنيز, بانكي — ۆۆەرح
Obzor krupnıh pojarov v Kitae za poslednie 50 let
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh