Автор: ADMIN
Мәжілісте Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселесі талқыланды
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева бастаған Мәжіліс депутаттары АҚШ Конгресінің халықаралық көшбасшылар кеңсесінің басшысы Мэттью Такермен кездесті.
Снежанна Имашева америкалық әріптестерін Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы бес жылда Қазақстан жүзеге асырған саяси реформалардан хабардар етті.
– Елдің саяси жүйесі түбегейлі өзгерістерді бастан өткерді. Қазақстан ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшті. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бұрынғыдан да орныға түсті. Саяси үдерістердің бәсекеге қабілеттілігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған саяси реформалар жүзеге асырылды, – деді С.Имашева.
Өз кезегінде Мэттью Такер реформалар аясында қазақстандық саяси жүйедегі өзгерістерге тоқталды. Ол VIII шақырылымдағы жаңа Мәжіліс депутаттарының жасына, гендерлік құрамына және инклюзивтілігіне оң бағасын берді.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты достық топтары арқылы дамыту мәселесін талқылады. Сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және басқа да салалардағы жемісті өзара іс-қимыл жөнінде айтылды. Қазақстан екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, оның ішінде «С5+1» диалог алаңы аясында АҚШ-пен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті.
Жазира Амантайқызы
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı