Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы туралы заң мен оған ілеспе түзетулерді және пошта туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ екі құжатты ратификациялады.
Мәжіліс Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова заң жобасы Президенттің «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократияландыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы негізінде әзірленгенін айтты. Түзетулер артық әкімшілік реттеуді азайтуға мүмкіндік береді.
– Осылайша, мемлекеттік органның шешімдерді қабылдау және қабылдау процесін жеделдету, оның ішінде тиісті тәртіпті айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде өкілеттіктерін кеңейту арқылы аса маңызды қоғамдық қатынастарды жедел жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады. Денсаулық сақтау саласындағы артық әкімшілік реттеуді қысқартуға және денсаулық сақтау саласындағы рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған нормаларды дебюрократизациялауға жол ашылады, – деді министр.
Мемлекеттік органның арнайы құзыреттері мен өзге де нақтылайтын нормалары бұдан былай заңға тәуелді актілер деңгейінде белгіленетін болады және оларда мемлекеттік органдардың заңнамалық нормаларды іске асыру жөніндегі өкілеттіктері жазылатын болады.
Депутат Дәулет Мұқаев қосымша баяндамасында заң ережелерін іске асыру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызмет саласын оңтайландыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Депутаттар түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады. Келісімге мемлекет басшылары 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында қол қойды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев негізгі Келісімге 10 өзгеріс енгізу қарастырылғанын, оның бірі ұйымның атауы мен нысанын өзгертуге бағытталғанын атап өтті.
– Хаттаманың баптарында негізгі Келісімнің атауын «Түркі мемлекеттері ұйымын құру туралы Нахчыван келісімі» деп өзгерту, «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталатын толыққанды халықаралық ұйым құру көзделген. Сондай-ақ түркі интеграциясы шеңберіндегі ұйымдарды екі санатқа бөлу қарастырылады: сабақтас органдар ретінде ТҮРКСОЙ мен ТүркПА айқындалып, үлестес ұйымдар ретінде Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры көрсетілді, – деді Ә.Бақаев.
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасы үшін бауырлас халықтармен өзара тиімді қарым-қатынастың және еліміздің түркі әлеміндегі көшбасшылық ұстанымын нығайтудың берік негізі болатынына назар аударды.
Бұдан соң депутаттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов хаттамада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен кедендік баждар бойынша есеп айырысуды 2 жыл мерзіміне Ресей рублімен аудару жөніндегі өзгерістер енгізілгеніне тоқталды. Депутат Мархабат Жайымбетов өз баяндамасында уақытша механизм енгізудің себебі Ресей мен Беларусьпен АҚШ долларымен есеп айырысудан бас тарту екенін атап өтті. Уақытша өзгерістер енгізу ЕАЭО елдерінің бюджеттеріне кеден баждарын үздіксіз аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы отырыста «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң мен оған ілеспе түзетулер екінші оқылымда қабылданды. Заң Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген.
ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ
Автор: ADMIN
ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ
2024-12-25 19:05:00
18
Мәжіліс денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Жаңалықтар
2025-05-30
Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

Политика
2025-05-31
В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”

Саясат
2025-05-30
استانادا “ورتالىق ازييا – يتالييا” سامميتى باستالدى
Последние новости

Жаңалықтар
2025-05-30
Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

Жаңалықтар
2025-05-30
الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Новости
2025-05-31
Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет
Все новости
Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться