ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ

Автор: ADMIN

ПАРЛАМЕНТ САҒАТЫ 2025-03-05 19:22:00

Следуй за нами

23

Мәжіліс Су кодексі мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

news single

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Су кодексі, сондай-ақ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша енгізілетін ілеспе түзетулер, тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері туралы заң екінші оқылымда қабылданды.


Су кодексінің жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді. Жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев жаңа кодексте су ресурстарын пайдаланудан гөрі қорғауға басымдық беріліп, экономиканың барлық саласына суды үнемдеу қағидасы енгізілетінін атап өтті.
– Су кодексінде Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы қарастырылды. Соңғы жылдардағы оқиғалар, соның ішінде былтырғы су тасқыны су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Жаңа кодекс аясында су ресурстарын кешенді басқарудың Бас жоспары және бассейндік жоспарлар әзірленеді. Олар су ресурстарын басқарудағы негізгі құжат болады, – деді депутат.
 Павел Казанцев кодекс жобасы бес негізгі қағидатқа негізделгенін айтты. Олар: қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде судың рөлін күшейту, халық өмірі мен экономикалық дамуының негіздері, пайдалану кезіндегі су ресурстарының экономикалық мәні, жер үсті және жер асты суларын кешенді пайдалану, суды тиімді және ұтымды үнемдеу, су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелерін шешуге қоғамды тарту.
Су шаруашылығын цифрландыру саласында Ұлттық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі үшін көпфакторлы тексеру жүргізу және қауіпсіздік декларациясын әзірлеуге қатысты міндеттемелер қарастырылады.  
Павел Казанцевтің айтуынша, жобада су шаруашылығы құрылымдарын толық есепке алу, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау, су объектілеріне мониторинг жүргізу, балама су көздерін пайдалану, сондай-ақ суару мақсатында еріген суды жинақтау және одан әрі пайдалану (2 миллион текше метрге дейін көлемде) стандарттары көрсетілген.
 Депутаттар құжатты екінші оқылымға дайындау барысында қосымша өзгерістер енгізді. Енді жер асты су ресурстары мәселелерін жаңадан құрылған Ұлттық гидрогеологиялық қызмет реттейтін болады.
Су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі ілеспе заң жобасы аясында Азаматтық, Жер, Кәсіпкерлік және Экологиялық кодекстерге, сондай-ақ тоғыз заңға өзгеріс енгізіледі. Олар қолданыстағы заңнаманы жаңа Су кодексінің нормаларына сәйкестендіруге бағытталған.
 Талқылау қорытындысы бойынша мәжілісмендер Су кодексін және оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады.
 Бұдан соң Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді екі оқылымда қабылдады.  
Жұмыс тобының мүшесі Нұржан Әшімбетов түзетулерде су объектілеріндегі жер қойнауын пайдалану, жер асты су ресурстарын басқару мәселелерін реттеп, су заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзғаны үшін жазаны күшейту қарастырылатынын айтты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген.
 Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ол бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасады.
 – Заң жобасы Мемлекет басшысының астананы дамыту тәсілдерін республикалық маңызы бар қалаларға тарату туралы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін әзірленді. Заң жобасы жер қатынастары, сәулет-құрылыс, көші-қон, жарнама, экология және басқа да салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Жазира Амантайқызы

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться