Автор: ADMIN
Теміржол бойындағы достық: Қытайдан Алматыға алғашқы туристік пойыз келеді
29 мамырда Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл — қос мемлекет арасындағы туризм мен достықты нығайтатын тарихи қадам. Екі елдің мәдени байланысы мен экономикалық қарым-қатынасына серпін беретін жоба «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында іске асып отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алмалы қалаға саяхаттайтын пойыз 31 мамырда Алматыға жетеді. Делегация құрамында 250-ден астам қонақ бар: мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина саласының мамандары мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.
Алматылықтар үшін де, қонақтар үшін де қызықты күндер басталмақ. Туристер үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама жасалған. Қытайлық делегация Алматыда бес күн болады, содан кейін 5 маусым күні кері қарай, Сианьға аттанады.
Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан мен Қытай тарапынан бірнеше ірі құрылым атсалысып отыр. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитеті, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Қазақстан Темір Жолы», Сыртқы істер және Көлік министрліктері, Шекара қызметі, ІІМ, Алматы қаласының Туризм басқармасы және отандық туроператорлар бірлесіп жұмыс істеуде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
В Атырау пассажиры не могут вылететь уже два дня
V Atırau passajirı ne mogut vıletet' uje dva dnya
Spros na biletı ÇM-2026 rezko vıros — FIFA
Последние новости
Atırauda jolauşılar eki künnen beri saparğa şığa almay otır
اتىراۋدا جولاۋشىلار ەكى كۇننەن بەرى ساپارعا شىعا الماي وتىر
V Atırau passajirı ne mogut vıletet' uje dva dnya