Автор: ADMIN
Астанада француз стиліндегі білім ордасы бой көтеруде: жаңа халықаралық мектептің іргетасы қаланды

Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа білім беру жобасы іске қосылды — Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестіктің жемісі саналатын Халықаралық француз мектебінің құрылысы ресми түрде басталды. Болашақ лицейдің тұсаукесер рәсімінде мектеп кіреберісіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мектеп пансионы бар толыққанды білім беру кешені ретінде жұмыс істейтін болады. Оқу процесі француз және қазақстандық білім беру стандарттарына негізделіп, қазақ, француз, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бұл жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макрон арасындағы келісім аясында жүзеге асып отыр.
Салтанатты шараға Францияның Сыртқы сауда және шетелдегі француздар жөніндегі уәкілетті министрі Лоран Сен-Мартен арнайы келіп қатысты.
«Астанадағы бұл мектеп және жақын арада Алматыда ашылатын тағы бір француз мектебі – жас қазақстандықтарға көптілді, жан-жақты білім алуға жол ашады. Біздің халықаралық білім беру желіміз – әлем бойынша жүздеген оқу орнын қамтитын кең жүйе. Бұл мектеп – дипломатиялық қарым-қатынастардың шынайы көрінісі», – деді ол.
Жоспар бойынша, Халықаралық француз мектебі алғашқы оқушыларын 2026 жылдың 1 қыркүйегінде қабылдайды. Мектеп тек білім беру сапасымен емес, архитектурасымен де ерекше болмақ.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл мектеп – екі ел арасындағы сенім мен достықты нығайтатын нақты қадам.
«Бұл — жай ғана құрылыс емес. Бұл — болашаққа салынған көпір. Француз мектебі елдеріміз арасындағы білім саласындағы ықпалдастықтың көрінісіне айналады», – деді министр.
Астанада Қазақстан-Франция бизнес-форумы да өтті. Бүгінде елімізде француз капиталы бар 170-ке жуық компания жұмыс істеп жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا

Dimaştıñ 75 äni Argentina radiosında şırqaluda
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى