Автор: ADMIN
Жеке куәлік алу – енді онлайн! Уақытыңды үнемдеудің оңай жолы
Қазақстанда енді жеке куәлікті үйден шықпай-ақ онлайн түрде рәсімдеуге болады. Бұл пилоттық жоба eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Цифрлық даму және Ішкі істер министрліктері бірлесіп іске қосқан жаңа қызмет азаматтарға бұрынғыдай кезекте тұрмай-ақ, жарамдылық мерзімі біткен жеке куәліктерін жаңартуға мүмкіндік береді.
Онлайн рәсімдеу қалай жүреді?
Бар болғаны бірнеше қадам:
1. ЭЦҚ арқылы өтініш беру: eGov порталы немесе мобильді қосымша арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен өтініш толтырып, қол қоясыз.
2. Фотосурет жүктеу: Жеке куәлікке арналған суретті түсіріп, өтінішке тіркейсіз.
3. Мәліметтерді тексеру: Жүйе автоматты түрде деректер мен фотосуретті тексереді.
4. Мемлекеттік бажды төлеу: Заңмен бекітілген салықты онлайн түрде төлейсіз.
5. Құжатты алу: Дайын құжатты халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) немесе көрсетілген мекемеден алып кетесіз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейміз – Энергетика министрі
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki