Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам

Следуй за нами

34

«Бала таңдасын»: Қазақстанда үйірмелер мен секцияларға қатысу жүйесі жаңарады

news single

2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда балалардың спорт, өнер және қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуына арналған бірыңғай ваучер жүйесі пилоттық режимде іске қосылады. Бұл бастама – балаларға жайлы орта қалыптастырып, жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жаңа қадам, деп хабарлайды Shalqar.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді ваучер ұйымға емес, тікелей балаға беріледі. Бұл не береді? Баланың қалауы өзгерсе, ол бір үйірмеден екіншісіне еркін өте алады. Ешқандай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу қаупі жоқ.

Неліктен бұл жүйе қажет болды?

Жүргізілген тексерістер жүйедегі көптеген заңбұзушылықты әшкереледі:
 • Кей балалар жалған тіркеліп, “қатысушы” деп көрсетілген;
 • 160-тан астам секция пәтер, жертөле секілді санитарлық талапқа сай емес жерлерде жұмыс істеген;
 • 6 өңірде істі болған азаматтар балаларға сабақ берген;
 • 8 мыңнан аса бала жүйеде тіркелгенімен, нақты сабаққа қатыспаған.

Бұл жағдайлар мемлекет қаржысын тиімсіз пайдалану мен балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіру фактілерін айқын көрсетіп отыр.

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?

Ваучерлер екі түрлі болады:
 1. Нысаналы ваучер – мемлекеттік мекемелер үшін, кезексіз беріледі.
 2. Әмбебап ваучер – ата-ана eGov.kz арқылы қалаған жекеменшік ұйымды таңдай алады. Мұнда кезек баланың жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарай белгіленеді.

Бүкіл жүйе цифрландырылған: бала сабаққа келген сайын бұл жүйеде тіркеледі, ал ата-аналар мен мемлекет қаражаттың қалай және қайда жұмсалып жатқанын нақты көре алады.

Қандай үйірмелер қамтылады?
 • Спорттық секциялар (Туризм және спорт министрлігі үйлестіреді)
 • Шығармашылық үйірмелер (Мәдениет және ақпарат министрлігі)
 • Қосымша білім беру (Оқу-ағарту министрлігі)

Цифрлық инфрақұрылым мен техникалық сүйемелдеуді Цифрлық даму министрлігі қамтамасыз етеді.

Бұл пилоттық жоба алдымен Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асады. Егер жүйе тиімділігін көрсетсе – бүкіл ел бойынша қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Бұрын ата-ана үйірмені таңдаса, қазір таңдау құқығы – балада. Қай бағытқа қызығатынын өзі шешеді. Бұл – оның еркіндігін құрметтеу және дамуына қолайлы орта ұсыну жолы.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться