Автор: ADMIN
Жалған диплом – жарқын болашаққа жасалған қауіп!
Жоғары білім туралы жалған құжаттар жасағандар енді жазадан жалтара алмайды, деп
хабарлайды Shalqar.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік өкілдері интернетте жалған дипломдар туралы жарнамалардың көбейгенін айтып, азаматтарды ескертті: диплом қолдан жасау – заң алдында жауапкершілікке әкеледі.
Жалған құжаттардың алдын алу үшін 1991 жылдан бері берілген дипломдардың бірыңғай электрондық базасы жасалған. Ал 2021 жылдан бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар бере бастады. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы тексеруге болады.
«Қазірдің өзінде базаға 3 миллионнан астам дерек енгізілді. Бұл – күмәнді құжаттарды бірден анықтауға мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік ескерткендей, жалған дипломды қолдан жасау немесе пайдалану – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет. Яғни мұндай қадамға барғандар заңмен жазаланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı