Автор: ADMIN
Астанада “Орталық Азия – Италия” саммиті басталды
Астанада Орталық Азия елдері мен Италияның жоғары деңгейдегі тарихи кездесуі өтіп жатыр. “Орталық Азия – Италия” форматындағы алғашқы саммитке өңір елдерінің президенттері мен Италия Премьер-министрі Джорджия Мелони қатысуда, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл – Орталық Азия елдері мен Еуропаның ықпалды мемлекетінің арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Саммиттің негізгі мақсаты – саяси диалогты тереңдетіп, экономикалық, инвестициялық және инфрақұрылымдық байланыстарды нығайту.
Саммитке қатысушылар:
• Түрікменстан президенті
• Қырғызстан президенті
• Тәжікстан президенті
• Өзбекстан президенті
• Италия Премьер-министрі Джорджия Мелони
Бүгінгі басқосу барысында энергетика, логистика, инфрақұрылым және жаһандық сын-қатерлерге қарсы күрес бағытындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып жатыр.
Италия Орталық Азияны сенімді серіктес ретінде қарастырады. Саммит соңында тараптар бірнеше маңызды құжаттарға қол қойып, көпжақты ынтымақтастықты нақты іспен бекітуі күтілуде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда электр желілерінің зақымдануына байланысты екі көшеде көлік қозғалысы шектеледі
ولەگ سوكولەنكو گەرمانيياداعى حالىقارالىق تۋرنيردە كۇمىس جۇلدە الدى
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى
Последние новости
Almatıda elektr jelileriniñ zaqımdanuına baylanıstı eki köşede kölik qozğalısı şekteledi
الماتىدا ەلەكتر جەلىلەرىنىڭ زاقىمدانۋىنا بايلانىستى ەكى كوشەدە كولىك قوزعالىسى شەكتەلەدى