781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2024-04-09 05:34:48

Следуй за нами

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды

news single

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті.

 

 

– Көп ұзамай бұл жұмыстар да аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды. Қаратөбе ауданы орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктідегі тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. 

БҚО-да су басқан аумақтардан 6 мыңнан астам адам эвакуациялан. Су тасқынына байланысты күрделі жағдай туындаған жерлерге гуманитарлық көмек жеткізілген.

 

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз