781?wXp5n Шалкар
logo Шалқар
Саясат

Автор: ADMIN

Саясат 2024-04-09 19:21:08

Следуй за нами

Макронның 70 жастағы әйелі Netflix-тің танымал сериялына түседі

news single

«Париждегі Эмили» сериалының кезекті маусымы түсіріліп жатыр.

Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі Netflix-тің әйгілі «Париждегі Эмили» сериалының түсірілімі барысында бой көрсетті.

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сәйкес, 70 жастағы Брижит Макрон төртінші маусымда эпизодтық рөлді сомдайды. 

Франция президентінің әйелі сериалдың жалғасы түсіріліп жатқан алаңда болған. Ол алтын түймелері бар қара күрте киген. «Сериалдың тұрақты көрермені» атанып кеткен Брижит  актриса Лили Коллинзбен бірге көзге түскен. Ол жобада басты рөлді сомдайды.

«Париждегі Эмилидің» үшінші маусымы Netflix-ке 2022 жылдың 21 желтоқсанында Париждегі ауқымды премьерадан кейін шыққан еді. Сол кезде премьераға Лили Коллинз, Эшли Парк, Филиппин Леруа-Болье, Кейт Уолш, Камиль Разат, Лукаса Браво және басқа да  актерлер жиналған болатын.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Барлық жаңалықтар


«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымы
«Shalqar kz» халықаралық интернет басылымының маңызды ақпараттарына жазылу. Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз