Автор: ADMIN
Президент сарайындағы ерекше экскурсия

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар Қазақстан Президентінің резиденциясы – Ақорданың құрметті қонағы болды. Күмбезі көк сарайда олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылып, ұмытылмас әсер сыйлады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл күн – жай ғана серуен емес, ел болашағына сенім артқан құрметтің көрінісі. Экскурсияға оқу озаттары, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, спорт саңлақтары мен ерекше ерлігімен көзге түскен батыл балалар шақырылды.
Сондай-ақ, олардың қатарында көпбалалы отбасынан шыққан балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен ерекше қажеттілігі бар оқушылар да болды.
Балалар Ақорданың орталық салтанатты холын, ресми қабылдаулар өтетін залдарды, Президент кітапханасын және резиденция аумағындағы көрікті бақты аралады. Бұл – көпшіліктің көзіне түсе бермейтін ерекше нысандардың бірі.
Оқушыларға Мемлекет басшысы атынан арнайы естелік сыйлықтар табысталып, олардың мерекелік көңіл күйі еселене түсті.
Мемлекеттік резиденцияны аралап қана қоймай, астанаға келген оқушылар елорданың ең әдемі және тарихи орындарын да тамашалауға мүмкіндік алды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет