Автор: ADMIN
Миллиардтар балаларға: Ұлттық қордан қанша балаға қаржы аударылды?
“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында бүгінде еліміздегі 7 миллионға жуық баланың атына қаржы аударылып үлгерді. Бұл – мемлекеттің болашақ ұрпаққа жасаған нақты қамқорлығының бір көрінісі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде іске қосылды. Ережеге сәйкес, 2006 жылдан бастап дүниеге келген әрбір балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. Жинақ тек 18 жасқа толғанда беріледі және оны тек тұрғын үй алуға немесе оқуға жұмсауға болады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы 6 919 131 бала бағдарлама қатысушысы атанып, әрқайсысының шотына $100,52 есептелді. Жалпы сома – $695,5 млн.
2024 жылы сол балалардың ішінде 304 815-і 18 жасқа толып, оларға $30,6 млн-нан астам қаражат берілді. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6 921 035 балаға жетеді, оның ішінде 324 430-ы 18 жасқа толады, олар үшін $129,38 млн көлемінде қаржы қарастырылған.
Бұл – балалардың болашағына бағытталған тұрақты қаржылық қолдау жүйесі. Енді ата-ана да, бала да ертеңгі күнге сеніммен қарай алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı