Автор: ADMIN
Бүгін – күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі!
Бүгін, 2025 жылдың 6 маусымы – Құрбан айттың алғашқы күні. Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылмандар үшін ерекше мейрам. Ислам күнтізбесі бойынша зүл-хижжа айының 10-ы күні басталатын бұл айт мейрамы үш күнге созылады. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні ресми мереке ретінде атап өтіледі.
Құрбан айт – бірлік пен береке, имандылық пен ізгілікке үндейтін мейрам. Бұл күндері мұсылмандар мешітке барып, айт намазын оқиды, құрбандық шалады және жақын-жуықтарына, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Айт кезінде тек ет таратылып қоймайды, бұл – адамдар арасындағы қамқорлық пен жанашырлықтың көрінісі.
Құрбан айтта жағдайы жеткен мұсылман құрбандық шалу арқылы Алланың разылығына бөленуге ұмтылады. Құрбандық еті үшке бөлініп: бір бөлігі – отбасына, екінші бөлігі – туыстар мен көршілерге, ал үшінші бөлігі – мұқтаж жандарға беріледі.
Құрбан айттың мәні неде?
Құрбан айт – тек құрбан шалу ғана емес, ол – жүректегі сенімнің, шүкіршіліктің, адамгершіліктің, сабыр мен мейірімнің белгісі. Бұл мейрам Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың Алла жолындағы сынаққа сабырмен бойсұнып, ұлы Исмайылды құрбан етуге дайын болғандығының естелігі. Сол оқиға – адамзатқа сенім мен мойынсұнудың ең жоғарғы үлгісі ретінде қалған.
Құрбан айт күндері:
• Ренжіскендер татуласады,
• Қарттар мен ата-аналарға ерекше көңіл бөлінеді,
• Жетімдер мен мұқтаждарға көмек көрсетіледі,
• Үйлерге қуаныш пен мейірім енеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı