Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам

Следуй за нами

40

Балалар лагері қанша тұрады? Қазақстан өңірлерінде жолдама бағасы 15 мыңнан 350 мың теңгеге дейін жеткен

news single

Жазғы демалыстың қарсаңында ата-аналарды толғандыратын басты сұрақтың бірі – баланы лагерьге жіберу қанша тұрады? Қазақстанда биыл балалар лагеріне жолдама бағасы өңірге қарай әртүрлі. Ең арзан баға 15 000 теңгеден басталса, ең қымбат жолдама 350 000 теңгеге дейін барады. Кейбір облыстарда балалар лагерьде тегін демалады, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Мемлекеттік және жеке лагерьлер:
Мектеп жанындағы лагерьлер 15 күн жұмыс істейді. Бұл жерде ата-аналар тек тамақтануға ғана ақы төлейді. Бірақ күнделікті мұражай, кинотеатр, серуен секілді қосымша шығындар болуы мүмкін.

Бағалар өңір бойынша:
 • Қарағанды облысы – 15 000 – 75 000 тг
 • Қостанай – 18 000 тг бастап
 • Атырау, БҚО – 25 000 тг және одан жоғары
 • СҚО – 35 000 – 60 000 тг
 • Павлодар – 36 000 – 125 000 тг
 • Ақмола, Қызылорда – 40 000 тг бастап
 • ШҚО – 45 000 – 132 000 тг
 • Алматы облысы – 50 000 – 350 000 тг (рекордтық баға)
 • Түркістан – 60 000 – 100 000 тг
 • Жамбыл – орта есеппен 63 000 тг
 • Ақтөбе – орта есеппен 70 000 тг (мемлекеттік лагерь жоқ)
 • Абай облысы – 75 000 – 100 000 тг
 • Маңғыстау – 150 000 – 180 000 тг (ең қымбаты)

Ұлытау облысы:
Мұнда жеке лагерь жоқ, бірақ “Қазақмыс” компаниясы балаларды басқа өңірдегі лагерьлерге жіберуді ұйымдастырады.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кейбір лагерьлер тегін. Сонымен қатар, кейбір ірі кәсіпорындар да қызметкерлерінің балаларына тегін жолдама береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться