Автор: ADMIN
Ауыл мен қала теңеседі: 2027 жылға дейін Қазақстан ауылдарының 99%-ы интернетке қосылады
Қазақстандағы 3000-нан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бұл – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен “Қазақтелеком” АҚ арасындағы жаңа инвестициялық келісімнің нәтижесі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жобаның басты мақсаты — ауыл мен қаланың цифрлық теңдігін қамтамасыз ету.
– Талшықты-оптикалық желілер құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады (бастапқы жоспардан бір жыл бұрын).
– Шалғай аймақтар 2027 жылдың соңына дейін жерсеріктік интернетпен қамтылады.
– Нәтижесінде, ауылдардың 99%-ы интернетпен қамтамасыз етіледі.
Желіге ең алдымен мына нысандар қосылады:
– мектептер
– ауруханалар
– әкімдіктер
– шекара бекеттері
– бюджеттік ұйымдар мен қоғамдық Wi-Fi нүктелері
Жалпы алғанда, ауылдардың 88%-ы – талшықты-оптикалық, ал 12%-ы – спутниктік арналармен қосылады.
Жобаға 239 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Ең бастысы – бұл бюджеттен тыс қаражат, “Қазақтелекомның” инфрақұрылымдық мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.
Ауылдарда ұялы байланыстың базалық станциялары да жаңартылып, сапасы артады. Бұл – мобильді интернеттің жылдамдығын көтеріп, байланыс сапасын жаңа деңгейге шығарады.
Жаслан Мәдиев, министр:
«Біздің мақсат — тек интернет жеткізу емес, ауылды елдің цифрлық экожүйесіне толық енгізу. Бұл білім, денсаулық, мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді».
Бағдат Мусин, “Қазақтелеком” басшысы:
«Ауыл баласы мен қала баласының мүмкіндігі бірдей болуы керек. Цифрлық теңсіздік жойылуы тиіс. Интернет — сән емес, ол — базалық қажеттілік».
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
سىرьيو تيانۋلو رىنوك ۆنيز, بانكي — ۆۆەرح
Қор нарығын шикізат төмен тартып, банктер алға сүйреді
Последние новости
Qor narığın şikizat tömen tartıp, bankter alğa süyredi
قور نارىعىن شيكىزات تومەن تارتىپ, بانكتەر العا سۇيرەدى
Sır'e tyanulo rınok vniz, banki — vverh